Өтініш 1 Партияға-1
Email: assn.tabigat@gmail.com
«БАЙТАҚ ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ» БАҒДАРЛАМАСЫ
«КЕҢ БАЙТАҚ ЖАСЫЛ БОЛАШАҚ ҮШІН»
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Ж А Р Ғ Ы С Ы
МАНИФЕСТ
САНАЛЫ ТҰТЫНУ
Бостандық. Әділдік. Тұрақты даму.
Бостандық – бұл әр адамның және азаматтың табиғи құқығы. Ол тек басқа адамның бостандығымен шектелуі мүмкін, сондықтан оны тек оң көзқараспен түсіну керек және бассыздық деп түсінуге болмайды!
Әділеттілік-бұл меритократияға негізделген әлеуметтік теңдікті білдіретін әлеуметтік қауымдастықтардың табиғи заңы. Сондықтан билікті басып алуға жол берілмейді, бұл тиранияға әкеп соғады. Билік пен олигархияның адамдардың құқықтарын да, заңдарды да жекешелендіруге құқығы жоқ.
Әртүрлі көзқарасты адамдарды біріктіруге қабілетті құндылықтар негізінде саналы тұтыну арқылы тұрақты даму: патриотизм мен гуманизм – өз Отаны мен туған табиғатына деген сүйіспеншілік.
Саналы түрде тұтыну дегеніміз – жеке жайлылық пен қоршаған орта үшін пайда арасындағы тепе-теңдік! Ал халық ортақ мақсат үшін жұмылған.
БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ: ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК
Адам өзін-өзі дамытуға, сондай-ақ өзінің қоғамдағы сұранысына, өзінің өмір сүру жағдайларына іштей қанағаттанған кезде әлеуметтік қатынастардың мұндай деңгейіне жетеміз.
БІЗ “БАЙТАҚ” ХАЛЫҚТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫН ҚҰРАМЫЗ!
БІЗ АДАМ МЕН ТАБИҒАТ ҮШІН ЗИЯНДЫ ЛАСТАНУДЫҢ ЭМИТЕНТ— КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУДІ ТАЛАП ЕТЕМІЗ!
БІЗ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ТАБИҒАТЫНА КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ ҮШІН ЭМИТЕНТ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӘРБІР ИЕСІНЕН СОТ АРҚЫЛЫ ӨНДІРІП АЛУДЫ ТАЛАП ЕТЕМІЗ!
БІЗ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗЕТІН БОЛАМЫЗ.
БІЗ ҚОЛ ЖЕТІМДІ ИГІЛІК РЕТІНДЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ТҰРАҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫ ТАЛАП ЕТЕМІЗ!
МАҚСАТТАРЫ:
– ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ, БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ;
– ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ОРНЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘЛЕМДІК ҚАҒИДАТТАРЫН ЕНГІЗУ;
– ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ;
– БАЛА КЕЗІНЕН БАСТАП ХАЛЫҚТА ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ САНАСЫН ТӘРБИЕЛЕУ.
БІЗДІҢ ҰРАНЫМЫЗ:
“Таза ауа, таза су, таза жер-таза адами қарым-қатынас!»
БІЗДІҢ ТАЛАПТАР:
“ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ МЕН ТАБИҒАТЫНА КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛ ӨТЕЛУІ ТИІС!!!»
“ЕЛДІҢ БАЙЛЫҒЫ ХАЛЫҚҚА ТИЕСІЛІ!»
Біздің қоғамда аң аулау мен аңшылық шаруашылығының бүгінгі күнгі шын рөлін түсінбеушілік бар, сондықтан аңшылық шаруашылығы табиғатты пайдаланудың тұрақты моделінің элементі екенін білу маңызды.
Жаңа Қазақстанды құру мен дамыту оны сөзсіз “жасыл” экономиканы қалыптастыруға алып келеді. Бұл әлемдік экономикалық модельдің бөлігі, оны жүзеге асырмай, мемлекетті жаңарту мүмкін емес. Өз кезегінде, бұл “жасыл” экономиканың ажырамас элементі болып табылатын орнықты табиғат пайдалануды дамытуда аңшылық шаруашылығының рөлін арттыруды, орнықты даму қағидаттары негізінде табиғи ресурстарды пайдалану әдістерін жетілдіруді болжайды.
“Тұрақты даму-бұл қазіргі уақыттың қажеттіліктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтың да өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне қатер төндірмейтін даму.”Бұл қағида Рио-де-Жанейрода 1992 жылы маусымда БҰҰ-ның Қоршаған орта және адам дамуы жөніндегі конференциясында тұжырымдалған.
Осы конференцияда Халықаралық жабайы табиғатты қорғау одағының (IUCN) тезистері расталды “этикалық, дана және тұрақты” жабайы табиғатты пайдалану табиғатты қорғауға сәйкес келуі және оны ынталандыруы мүмкін, жабайы тірі ресурстарды тұрақты пайдалану “табиғатты қорғаудың маңызды құралы болып табылады, өйткені мұндай пайдаланудың әлеуметтік – экономикалық пайдасы адамдарды осы ресурстарды қорғауға итермелейді”.
Басқаша айтқанда,”аңшылық шаруашылығы, табиғатты тұрақты пайдалану саласы – жануарлар әлемі өкілдерінің тіршілік ету ортасын, биотехникалық іс-шараларды сақтау және жануарлар санын оңтайлы деңгейде ұстау негізінде мақсатты өсімін молайтуды қамтамасыз ететін жануарлар ресурстарын ұтымды пайдалану”. Бүгінгі таңда аңшылық шаруашылығы ғылыми негізделген әдістерді қолдана отырып, адам – биоалуантүрлілік – экономика үшбұрышында үнемі туындайтын қайшылықтарды шешу үшін құрылған көп қырлы модель болып табылады.
Дәл осы себептен жабайы флора мен фауна мәселелері жөніндегі Берн конвенциясының Еуропалық комитеті түрлерді сақтау жөніндегі IUCN комиссиясының мамандары, Еуропалық Одақтың аңшылық және табиғатты қорғау қауымдастықтары Федерациясы (FACE) және жануарлар дүниесін аң аулау және қорғау жөніндегі халықаралық кеңесі (CIC) әзірлеген биоалуантүрлілік және аңшылық хартиясын қабылдады, сондай-ақ оны қолдануды ұсынды.
Қазіргі заманғы аңшылық шаруашылығы экожүйелік тәсілді нығайтуы және орнықты дамудың нақты тетіктерін құруы тиіс екендігіне байланысты, сондай-ақ осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін қоғамдық ұйым ресурстарының жетіспейтіндігін сезіне отырып, “Табиғат” қауымдастығы Қазақстан Республикасында жаңа партия құру жөніндегі жұмыс тобына қосылды!
ЖОБА
«БАЙТАҚ ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ» БАҒДАРЛАМАСЫ
«КЕҢ БАЙТАҚ ЖАСЫЛ БОЛАШАҚ ҮШІН»
ЖАСАЛМАСА ҚАРЕКЕТ – ҚАЛАЙ КЕТЕР «ПӘЛЕКЕТ»?!
Қазіргі әлемде қоршаған орта мен адамдарға деген «тұтынушылық көзқарас» өз шегіне жетті. Бұл жағдай үлкен экологиялық, биосфералық, экономикалық және, ең бастысы, гуманитарлық дағдарыстар тудырды. Ашаршылық, ауыз су тапшылығы, зиянды және сапасыз азық-түлік, түрлі індет сияқты қорқынышты қауіп-қатерлер әлі де жалғасуда.
Тәуелсіздік жаңа келген кездегідей, Қазақстан қайтадан қоғамды жаңартудың жаңа Стратегияларын іздеуде. Сонымен қатар, көп жылдар бойы шешімін таппаған экологиялық мәселелер де қазір стратегиялық сипатқа ие болып, саяси өмірдің орталық тақырыптарының біріне айналғанын көрудеміз.
Еуропалық және әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл мәселелерді, қоғамның барлық секторларын біріктіре отырып, қоршаған орта мен ұлттық, аймақтық мүдделерді қорғау үшін азаматтардың күш-жігерін біріктіре отыра, Жасыл партиялардың сәтті шеше алатынына және шешіп отырғанына куәміз.
Сондықтан еліміздің дамуына жаңа серпін бере алатын жаңа саяси күш – жаңа партиялардың пайда болуы – уақыт талабы. Оның үстіне партиялар басқа негізде емес, тек қана Идеологиялық негізінде ғана құрылып, жұмыс істеуі керек.
Демек, біздің партия жасанды түрде, дәлірек айтсақ, біреудің субъективті шешімімен құрылып отырған жоқ. Оның пайда болуының объективті себептері – қазақстандықтардың уақыттың талаптары мен қауіп-қатерлерді шешу керек екенін түсінгені және «Жасыл Идеологияның» Қазақстанда да қанат жайғаны.
БІЗДІҢ ИДЕЯЛЫҚ НЕГІЗІМІЗ – «ЖАСЫЛ ИДЕОЛОГИЯ»
«Жасыл идеология» дегеніміз – ортақ мақсат пен мүдде үшін біріккен жандардың қоғам мен табиғатқа деген адамгершілік көзқарасы. Ол – жеке бастың жайлылығы және қоғам мен қоршаған орта байлығы арасындағы үйлестік! Экологиялық Сананың түптамырлары болып – «Бостандық», «Әділеттілік», «Тұрақты Даму» ұғымдары табылады.
БОСТАНДЫҚ – ол әр адам мен азаматтың бойындағы табиғи құбылыс. Ол тек, басқа адамдарға да тән, дәл сондай, бостандық арқылы ғана шектеле алады. Сондықтан оны әр адам: «Тек өзімнің ғана жекеменшігім емес, ортақ құндылық» деп қабылдауы керек.
ӘДІЛЕТТІЛІК – ол әлеуметтік теңдікті көздеген, барлық әлеуметтік қауымдастықтарға тән, табиғи заңдылық. Сондықтан билікті жекешелендіруге тиым салынуы тиіс, себебі ол тиранияға әкеледі. Яғни, Өкіметтің: азаматтардың құқықтарын да, елдің табиғи ресурстары мен заңдарын да – жекешендіріп алуына һақы жоқ.
ТҰРАҚТЫ ДАМУ – азаматтардың көпшілігінің өз Отанына, туған табиғатына деген сүйіспеншілігіне негізделген, елдің ұлттық мүддесі мен құндылықтарын қорғау жолында бірлесе жұмсаған күш-жігерлері арқылы қол жеткізілетін, қоғамның үнемі өркендеп өсу кезеңі.
ПАРТИЯМЫЗДЫҢ САЯСИ ПОЗИЦИЯСЫ
БІЗ ПАТРИОТИЗМ, ГУМАНИЗМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ӘРІ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫН ҚОЛДАЙМЫЗ.
Отансүйгіштік пен гуманизмді дамытпай, сондай-ақ әлеуметтік әділеттілік салтанат құрмайынша, яғни, игіліктерді бөлу критерийлері – Әділеттілік пен Тең мүмкіндіктер қағидаттары болмай – қоғамымыз серпіліс ала алмайды, ал біздің Қазақстан жаңа бола алмайды!
Яғни, азаматтарымыздың әл-ауқаты субъективті себептерге емес, олардың нақты еңбегі мен кәсібилігіне байланысты болатындай, ашық әрі саяси және экономикалық бәсекелестікке негізделген, заң алдында барлығы тең болатындай Жүйе құру керек.
НЕГІЗГІ САЯСИ ПРИНЦИПТЕРІМІЗ
Біздің партияның негізгі саяси ұстанымдары:
– ПАТРИОТИЗМ;
– ГУМАНИЗМ;
– ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТ;
– ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ.
ПАРТИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Идеологиялық негіздеріміз бен Саяси ұстанымымызға сүйене отырып, «кең ойлап, нақтылы әрекет етуді» жөн көрдік. Сондықтан, өзімізді: күнделікті кезде – тұрақты, аянбай жұмыс істейтін, ал сайлау кезінде – азаматтарға жасалған жұмысымыз туралы есеп беріп, лайықты нәтижесін ала алатын, «нақты (ірі болмаса да, маңызды) істердің партиясы» ретінде көрсетеміз.
Сондықтан біз өз алдымызға нақты және қол жеткізуге болатын мақсаттарды ғана қоямыз. Оларға бірлесе қол жеткізсек, біздің өміріміз ертең, болмаса 2050 жылдан бастап емес, бүгіннен бастап жақсарады.
МАҚСАТ – «ЖАСЫЛ ИДЕОЛОГИЯНЫ» ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫСҚА – БАСЫМДЫЛЫҚ
Жастардың өмірді ашық қабылдайтыны белгілі. Қоршаған ортаны қорғау – барлық қауіп-қатерлерді, ең алдымен, өскелең ұрпақ жылдам әрі өткір сезінетін салалардың бірі. Демек, біздің қоғамдағы «Жасыл Идеологияның» негізгі иегерлері – жастарымыз.
Қол жеткізу жолдары:
– жастарды экологияның жай-күйі, бар проблемалар және ұсынылған шешімдер туралы ақпараттандыру;
– халықтың, әсіресе өскелең ұрпақтың экологиялық санасын тәрбиелеу; – «Байтақ» Жасылдар партиясы қатарына жастарды барынша тарту; – нақты мәселелерді шешуге жастарды атсалыстыру;
– мемлекеттік органдарға жастардың өкілдерін ұсыну арқылы олардың әлеуметтік, экономикалық және саяси мүдделерін ілгерілету;
– жастардың әртүрлі мемлекеттік және халықаралық экологиялық бағдарламаларға қатысуына ықпал ету;
– жастар ұйымдарына қолдау және көмек көрсету.
МАҚСАТ – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА СЕПТІГІМІЗДІ ТИГІЗУ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
Азаматтық қоғам дегеніміз – бұл қоғам алдында тұрған мәселелерді шешуге азаматтардың көбі (басым көпшілігі) қатысқан кездегі қоғамның деңгейі. Шешім қабылдауға неғұрлым көп адамдар қатысса, бұл шешімдер соғұрлым ашық және сыбайлас жемқорлықсыз болады. Мысалы, егер мәселенің шешімі өзіңе байланысты болса, сен неге «біреудің ағасына» пара береді екенсің?!
Қол жеткізу жолдары:
– еліміздегі азаматтық қоғамды дамытуға белсенді атсалысу;
– экологиялық және де басқа мәселелер бойынша мемлекеттік және қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларына ашық қатысу;
– «сұр» және басқа да сыбайлас жемқорлық схемаларын ашуға ықпал ету;
– азааттардың сыбайлас жемқорлық фактілеріне төзбеушілігін тәрбиелеуге ықпал ету;
– мемлекеттік және басқа да экологияны бұзушы органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру
МАҚСАТ – ЖАҢА ПІСКЕН ЖӘНЕ ТАЗА АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІМЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗІН ӨЗІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІ
Тамақ – жеке адамның да, бүкіл адамзаттың да тіршілігінің негізі. Кез келген елдің әл-ауқатын арттыру өз азаматтарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басталады. Бұл мақсатқа жету – барлық мүдделі тараптардың қатысуымен әлеуметтік маңызы бар, экологиялық таза және жаңа піскен азық-түлік өнімдерімен азаматтардың «өзін-өзі қамтамасыз ету жүйесін құру» шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Қол жеткізу жолдары:
– ауыл шаруашылығы өнімі иелерінің кооперативтерін құру;
– өнімді тұтынушылардың ж.т.б. кооперативтерді ұйымдастыру;
– аймақтық азық-түлік хабтарын және озық үлгідегі жаңа, экологиялық таза өнімдердің заманауи базарын, қоймасын құру;
– тауар өндірушілерге жеңілдікті несие алуға көмек көрсету;
– Алматы агроөңірінде «ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушіден қаладағы тұтынушы есігіне дейін» кооперативтік тізбекті дамыту бойынша пилоттық жобаны іске қосу. – оң тәжірибені еліміздің басқа аймақтарына да тарату.
МАҚСАТ – ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ
Кімге қалай көрінсе де, біз 21 ғасырда – инновациялық технологиялар мен өсіп келе жатқан Жасыл экономика ғасырында өмір сүрудеміз. Мұнай, газ және басқа да табиғи ресурстар бізге жаңа технологияларды жоққа шығарып табиғат пен адамдарға қауіп-қатерлер әкелу үшін емес, ұлттық байлығымызды арттыру және инновациялық технологиялар мен жаңа да, жасыл экономикаға сәтті көшу үшін берілді.
Қол жеткізу жолдары:
– Қазақстанда жаңа инновациялық технологиялардың пайда болуына және уақтылы таралуына ықпал ету;
– озық технологияларды қолданатын шағын және орта бизнесті, шаруаларды, шаруа қожалықтарын қолдау;
– табиғи ресурстарды қоғамдық игілік ретінде үнемді пайдалану үшін күрес;
– табиғатты сақтайтын, таза және инновациялық технологияларды кеңінен енгізуге және қоршаған ортаны қорғау саласын цифрландыруға жәрдемдесу;
МАҚСАТ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ БАЙЛЫҒЫ МЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІН САҚТАУ ЖӘНЕ КӨБЕЙТУ
Қазақстанда биік таулы аймақтардан бастап шөлдер мен ішкі теңіздерге дейінгі ландшафттық кешендердің бірегей жиынтығы бар, олар экожүйе түрлерінің, ландшафт формаларының, климаттық белдеулердің және биологиялық түрлердің алуан түрлілігімен сипатталады. Осы байлықтарды көздің қарашығындай сақтап, көбейту – партиямыздың басты мақсаттарының бірі.
Қол жеткізу жолдары:
– мемлекеттік қолдаудың және институционалдық жүйенің жалпы принциптерін, тәсілдерін және шараларын қабылдау;
– биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты ету механизмдері мен жағдайларын жасау;
– өкілді экологиялық желіні қалыптастыру;
– флора мен фаунаның сирек және жойылып бара жатқан түрлерін сақтау;
– генетикалық табиғи ресурстардың көбеюі;
– тұрақты орман шаруашылығын жүргізу;
– жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және ұтымды пайдалану және тұрақты балық шаруашылығын құру;
– жүйелі, ведомствоаралық тәсілді қолдану.
МАҚСАТ – МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРІ МЕН САЛАЛАРЫНА ҚАТЫСУ
Реформалар «тек халық үшін» ғана емес, халықтың өзінің қатысуымен жүргізілуі керек. Өйткені халық, өзіне не қажет екеніне қоса, қашан қажет екенін де – өзгелерден жақсы біледі. Сондықтан, «көп кешенді» экологиялық проблемаларды шешу үшін, біз биліктің барлық деңгейлері мен тармақтарына да белсене қатысуымыз керек.
Қол жеткізу жолдары:
– елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды бастауға және жүзеге асыруға белсенді қатысу;
– партияның шешімдеріне сәйкес, әртүрлі сайлаулар мен республикалық референдумдарға атсалысу;
– қоғамдық пікірді зерделеу және ұсыныстарды, заң жобаларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және ұсыну;
– мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына партия мүшелерінен саяси көшбасшылар дайындау және ұсыну;
– өкілді, атқарушы және сот билігі, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарында партия мен оның мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау;
– еліміздің басқа да патриоттарымен бірлесе отырып, Қазақстанның ұлттық мүдделерін ұдайы қорғау.
– елде заманауи және бәсекеге қабілетті саяси-экономикалық жүйені құруға жәрдемдесу.
МАҚСАТ – ЖАСЫЛ ПАРТИЯЛАРМЕН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ҰЙЫМДАРЫМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТ
Табиғат бәрімізге ортақ құндылық және көптеген жаһандық сын-қатерлер – ортақ жауымыз екені мәлім. Олай болса, бізден бұрын құрылған және талай пайдалы нәтижелерге қол жеткізген басқа елдердегі әріптестерімізбен тығыз байланыс орнату да – біздің мақсатымызға жатады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген атам қазақ.
Қол жеткізу жолдары:
– Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүшелік шеңберінде қоршаған ортаны қорғау жайлы алған міндеттемелерінің орындалуына көмектесу;
– Әртүрлі халықаралық экологиялық және басқа форумдарды, конференцияларды, семинарларды өткізу және қатысу;
– әлеуметтік желілерде шетелдік ғалымдар мен мамандардың қатысуымен әртүрлі сараптамалық топтар құру;
– жасыл партиялармен және ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту;
– біліммен, жасыл технологиялармен, табысты стратегиялармен алмасу;
– барлық «Жасылдар» партияларымен және қозғалыстарымен қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлеріне қарсы бірлесіп күресу.
ҰСТАНҒАН ҰРАНЫМЫЗ:
ТАЗА АУА – ТАЗА СУ – ТАЗА ЖЕР – ТАЗА АДАМИ ҚАРЫМ ҚАТЫНАСТАР»!
БІЗДІҢ ТАЛАПТАРЫМЫЗ:
– «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖӘНЕ ТАБИҒАТЫНА КЕЛТІРІЛГЕН КЕЗ КЕЛГЕН ЗИЯНКЕСТІК – МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ӨТЕЛУІ ТИІС»!
– «МЕМЛЕКЕТТІҢ ҰРЛАНҒАН БАЙЛЫҚТАРЫ ТЕЗ АРАДА ҚАЙТАРЫЛУЫ КЕРЕК»!
– «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ» ҚҰРУҒА ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУҒА ЖАҢАША ОЙЛАЙТЫН, ОНЫҢ ІШІНДЕ ЖАСЫЛ ИДЕОЛОГИЯДАҒЫ, АДАМДАР ТАРТЫЛУЫ КЕРЕК»!
Біздің партиямыз қоғамның барлық негізгі күштерімен: патриотизм, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау негізінде өзара іс-қимыл жасауға дайын.
ОЙЫ МЕНЕН ЖҮРЕГІ, НИЕТІ МЕН ТІЛЕГІ,
ТАЗА АДАМДАР – БІРІГІҢДЕР!
ХАЛАЙЫҚ!
ЖЕР – АНАМЫЗДЫ, ТАБИҒАТ – АНАМЫЗДЫ,
ОТАН – АНАМЫЗДЫ
БІРГЕ ҚОРҒАП ҚАЛАЙЫҚ!