FOLLOW US ON SOCIAL

“Жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерінің, жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерінің, жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу
мақсатында саны реттелуге тиіс түрлерінің тізбелерін бекіту туралы” Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 258
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а.
2020 жылғы 9 қазандағы № 252 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде 2020 жылғы 13 қазанда № 21414 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. “Жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан
басқа) пайдаланылатын түрлерінің, жануарлардың шаруашылық мақсаттарда
пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерінің
, жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй
жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау,
ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу
мақсатында саны реттелуге тиіс түрлерінің тізбелерін бекіту туралы” Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 258
бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6223
болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) “Егемен Қазақстан”
газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау,
ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау,
қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметіне
айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс
түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада
белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында
орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан
Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі
департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың
орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне
жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің міндетін атқарушы
Е. Нысанбаев
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 9 қазаны
№ 252 Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2010 жылғы 11 мамырдағы
№ 258 бұйрығына
3-қосымша
Жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа
да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтіруді
болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің
алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс түрлерінің тізбесі
№ Жануарлардың түрлері
1. Сүтқоректілер:
1. Қасқыр
2. Шибөрі
2. Құстар:
1. Қарға
2. Үлкен суқұзғын
3. Балықтар:
1. Балқаш қара балығы
2. Кәдімгі қара балық
3. Қабыршақты көкбас
4. Қабыршақсыз көкбас
5. Кушакевич талма балығы (салпыерін)
6. Северцов талма балығы
7. Терс талма балығы
8. Тибет талма балығы
9. Сұр талма балығы
10. Біртүсті талма балық
11. Теңбіл талма балығы
12. Сібір шырма балығы
13. Кәдімгі шырма балық
14. Арал шырма балығы
15. Алдыңғы азиялық шырма балығы
16. Каспий шырма балығы
17. Каспий атеринасы
18. Қазақ қарақшысы
19. Бэр қарақшысы
20. Тікенекті қарақшы
21. Түйіршікті қарақшы
22. Гримм қарақшысы
23. Кесслер қарақшысы
24. Жіңішкебасты қарақшы
25. Жіңішкетұмсықты қарақшы
26. Каспий қарақшысы
27. Азов қарақшысы
28. Махмудбеков қарақшысы
29. Тікенекті қарақшы
30. Жұлдызша қарақшысы
31. Световидов қарақшысы
32. Каспиосома бұзаубас балығы
33. Берг бұзаубас балығы
34. Бубырь бұзаубас балығы
35. Ильин бұзаубас балығы
36. Книповичтің ұзынқұйрықты бұзаубас балығы
37. Қарашұбар бұзаубас балығы
38. Тереңдік бұзаубас балығы
39. Хвалын бұзаубас балығы
40. Каспий құмдауыт бұзаубас балығы
41. Қуғыншы бұзаубас балығы
42. Каспий – ұлкенбасты бұзаубас балығы
43. Жұмыр бұзаубас балығы
44. Ратан бұзаубас балығы
45. Шырман бұзаубас балығы
46. Мыжырайған бұзаубас балығы
47. Қытай бұзаубас балығы
48. Қытай шырма балығы
49. Медака
50. Амур үшеріні
51. Қытай элеотрисі
52. Көпқабыршақты анабарилиус
53. Сібір теңге балығы
54. Кәдімгі теңге балық
55. Кәдімгі қырлықұрсақ
56. Қара тыран
57. Қытай шабағы
58. Қарадақты кекіре
59. Кәдімгі кекіре
60. Қытай кекіресі
61. Балқаш гольяны
62. Мұртты талма балығы
63. Сібір талма балығы
64. Өзен абботинасы
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және
құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК