2022 жылдың 31наурыз күні Алматы облысында ПРООН (Организация по устойчивому развитию ООН) ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Онда Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарында ЕҚТА (ерекше қорғалатын табиғи аумақ) аудандарын ұлғайту және жер аумақтарын қорықтық зоналарға бөлудің жаңа тәсілдері қарастырылды. ПРООН эксперттері «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркі ауданын ұлғайту бойынша баяндама жасап, бастапқыда осы жоба аумағына кіретін аңшылық шаруашылықтарының жерлері бірнеше консультациялардан кейін алынып тасталғанын назарға салды. ПРООН эксперттері «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркі ауданын ұлғайту бойынша баяндама жасап, бастапқыда осы жоба аумағына кіретін аңшылық шаруашылықтарының жерлері бірнеше консультациялардан кейін алынып тасталғанын назарға салды.
Аталған парк ауданын ұлғайту Алматы табиғи қаумалын қосу арқылы іске асатын болды.
Алайда «Жоңғар— Алатауы» табиғи паркінің ауданын ұлғайтуды ПРООН мамандары бұрынғы айтылған қарсы тезистерге қарамастан, парктің шығыс жағында орналасқан аңшылық шаруашылығының жерлерін алу арқылы іске асыруды ұсынды.
Бұған себеп, сол жақта қар барысы мекен ететін ареалдың бір бөлігінің орналасуы.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің төрағасы Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы құрылған ЕҚТА мәселелері жан-жақты толық шешілмейінше жаңа ЕҚТА құру тиімсіз деп санайтынын білдіріп, аңшылық шаруашылықтары туралы туындаған сұрақтарды салалық жиында талқылауды ұсынды.
Табиғат Қауымдастығы осыған байланысты қарсылық білдірді. Себебі, осы аңшылық шаруашылығы инфраструктурасы дамыған, биотехниялық шаралары мен жабайы жануарларды күзету жұмыстары жақсы жолға қойылған, үлгілі шаруашылық болып саналады.
Дәлел ретінде Қауымдастық сұранысына жіберілген Зоологиялық ғылыми-зерттеу иституты мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің Аумақтық Инспекциясының жабайы аңдардың сирек кездесетін және аңшылық түрлерінің саны аңшылық шаруашылығы аумағында өсіп келе жатқаны туралы жауап келтірілді. Қауымдастық аталған ұлттық парктердің ауданын «формальді» түрде құрылған,заңды тұлға ретінде статусы жоқ, қорықшылық күзет қызметі жоқ Табиғи қаумалдар мен Қорықтық аумақтарды қосу арқылы ұлғайтуды тиімді деп санайды.
Бұдан басқа Табиғат Қауымдастығы келесідей сұрақ қойды: Неге осы сияқты ЕҚТА (Табиғи қаумалдар, Қорықтық аумақтар) құрылуын ұйымдастыруға ПРООН тарапынан аса ықпал етіледі егерде ПРООН өздерінің есептерінде «формальді» ЕҚТА аудандарын есепке алып ескермесе?!
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің төрағасы Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы құрылған ЕҚТА мәселелері жан-жақты толық шешілмейінше жаңа ЕҚТА құру тиімсіз деп санайтынын білдіріп, аңшылық шаруашылықтары туралы туындаған сұрақтарды салалық жиында талқылауды ұсынды.
Джумалиев Кажым, 31 наурыз 2022 жыл.
© 2023 Ассоциация "Табигат"