Соңғы уақытта, аңшылық қауымы арасындағы мессенджерлерде «Табиғат» республикалық қауымдастығымен берілген аңшы куәліктерінің заңды күші жоқ деген өтірік ақпарат тарауда.
Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды! 🙅🏻♂️🙅🏻♂️🙅🏻♂️
Қоғамдық аңшылар ұйымы және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің «Табиғат» республикалық қауымдастығы аңшылардың және аңшылық шаруашылықтардың субъектілерінің құқығы мен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетімен 01.07.2025 жылға дейін аккредиттелген (Аккредитация куәлігі № KZ71VQQ00039508; 1.07.2021ж)‼️
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану» заңының 33-1 бабына сәйкес «Табиғат» республикалық қауымдастығы келесі қызмет түрлеріне құқылы: аңшыларды оқыту, аңшы куәліктерін беру, оны ауыстыру, жабайы аңдардың аңшылық түрлеріне квота бөлу, заңнамалық белсенділік құқығы, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар алдында аңшылар мен аңшылық бизнес субъектілерінің мүдделерін білдіру.
Біздің белсенділігіміз туралы керекті барлық ақпараттарды tabigat-union.kz сайтында және келесі әлеуметтік желілер беттерінде ала аласыздар: Инстаграм: tabigat_union.kz FB: www.facebook.com/groups/1561407230768149 , YouTube: https://www.youtube.com/user/prohuntkaz
Қосымша Сіздерден сұраймыз, осы тәрізді өтірік хабарламалар көрсеңіздер, бұл туралы ақпаратты растайтын фото, видео-аудио материалдарымен (сот органдары алдында қолдану үшін) келесі номерге жіберулеріңізді сұраймыз. 87027267565 (WhatsApp, Telegram)
Туганбеков Айтуар. 04.04.2022. 04.04.2022. ж. Нұр-Сұлтан қаласы.
© 2023 Ассоциация "Табигат"