Сәуірдің 9-ы күні Алматы облысындағы «Қарақастек» аңшылық шаруашылығында кезекті жабайы жеміс ағаштарының отырғызу жұмыстары жүргізілді. Қазақстандық аңшылар мен балықшылардың «Табиғат» қоғамы және демеушілер қаражаттарына сатып алынған 1700-ге жуық көшетті қоғам мүшелерінің күшімен аңшылық алқаптарына отырғызылды. Отырғызылған сиверс алма ағашы, жабайы өрік, қара өрік,емен, орман жаңғағы, долана жабайы аңдарға қосымша қорек пен пана болады. Мұндай жұмыстар аңшылық шаруашылықтарда жүргізілуі тиіс маңызды биотехниялық іс- шаралар болып табылады. Көшеттердің қабылдануы көктемгі және жазғы айлардағы жауын-шашынға көп байланысты. Мәселен, былтырғы жылға дейін көшеттердің қабылдануы 80% болса, ал 2021 жылы құрғақшылыққа байланысты 30%-ды құрады. Биылғы жылы жақсы маусым боларына үміттіміз!!! Көшеттерді отырғызуға қатысқан барлық аңшылар, осылайша, биылғы жылы аңшылар және балықшылардың «Табиғат» қоғамының жалпы жиналысында қабылданған барлық мүшелері үшін міндетті болып табылатын бір күндік еңбекке қатысуды орындады.
Видео:
© 2023 Ассоциация "Табигат"