FOLLOW US ON SOCIAL

Қазақстанда аңшылар қауымдастығы мен аңшылық шаруашылықтарын біріктіретін «Табиғат» ассоциациясы CEРҒ (Партнерский фонд сохранения ключевых территории биоразнообразия) және WWF (Всемирный фонд Дикой природы) халықаралық қорларынан табиғатты пайдалануды тұрақты дамыту мақсатында грант алғаны туралы хабардар еткен болатын.

Осы грантты іске асырудың жолдары мен мақсаты туралы толығырақ айтатын уақыт келді.

«Табиғат» ассоциациясы Қазақстан Республикасындағы аңшылық шаруашылықтары аумағында тұрақтыТуризмді дамыту идеясы мен технологиясын танымалы өткізушісі болып табылады. 2016 жылдан бері бірнеше аңшылық аумақтарында жабайы табиғатқа саяхат жасауды ұнатушыларға арналған атпен саяхаттау турлары ұйымдастырылып келеді. Ал 2018 жылдан бері тау шаңғышыларымен сноубордистерге скитур мен фрирайд турлары өткізілуде. Осындай аңшылық пен белсенді туризмді бір аумақта кешенді түрде ұйымдастыру дүние жүзу бойынша кең тараған. . Бұл бұрын екі үш айға созылатын аңшылық маусымында ғана пайдаланатын материалдық базаларды, қонақ үйлерді, қорықшылар қызметін жыл бойы қолдануға мүмкіндік береді. Бұл ретте, осы шаруашылықтарда экотуризмнен түсетін түсімнің деңгейі әуесқой аңшылықты өткізуден түскен түсіммен пара пар. Бұл бұрын екі үш айға созылатын аңшылық маусымында ғана пайдаланатын материалдық базаларды, қонақ үйлерді, қорықшылар қызметін жыл бойы қолдануға мүмкіндік береді. Бұл ретте, осы шаруашылықтарда экотуризмнен түсетін түсімнің деңгейі әуесқой аңшылықты өткізуден түскен түсіммен пара пар. Бұдан басқа, клиенттік сервиске қатысушы жергілікті тұрғындар қосымша пайда табады және қорықшы-гидтердің аңшылық аумақта көп уақыт болуына байланысты жабайы жануарларды қорғау мен мониторинг жүргізу жақсарады.

Осындай тәжірибенің Қазақстанның жабайы табиғатына тигізетін жақсы әсерін бағалай отыра, біздің Ассоциация былтырғы жылы CEPF ( Партнерский фонд сохранения ключевых территории биоразнообразия) мен WWF (Всемирный фонд Дикой природы) халықаралық экологиялық қорларымен өткізілген «Үлкен гранттар» конкурсына қатысты. Біздің «Жоңғар Алатауында тұрақты Туризмді дамыту» бағдарламамыз осы конкурсты ұтып, 2022 жылдың сәуір айынан бастап 2 жылдың ішінде Жетісу (Жоңғар) Алатауының бір бөлігін қамтитын жобалық аймақта іске асырылады. . .

Грантты беру шарты бойынша, жобаны іске асыру орны, конкурс ұйымдастырылуынан бұрын Қазақстан және басқа мемлекеттердің сарапшылары анықтаған негізгі биоалуантүрлілік аумағы немесе негізгі экологиялық дәліздермен сәйкес келуі керек. Біз, бірнеше аңшылық шаруашылықтары аумақтарын және жартылай жергілікті табиғи қаумалдарды қамтитын Жоңғария негізгі экологиялық дәліз бен КБР 23 (Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі) кіретін Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік шығыс бөлігін таңдадық.

Жоңғар Алатуы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (ұсынылған қосымшада күлгін түспен көрсетілген)

• Лепсі мемлекеттік табиғи қаумалы (көк түспен көрсетілген)

• Тоқты мемлекеттік табиғи қаумалы (сары түспен көрсетілген)

Бұл таулы жүйе қар барсының отаны (CEPF басты түрі) сонымен бірге бұл аймақ жоңғар аргалиі , тянь-шань қоңыр аюы, түркістан сілеусіні т.б қызыл кітапқа енген аңдардың ареалы. Аймақтың, аңдардың ( сібір елігі, сібір тауешкісі, қасқыр, жабайы шошқа) аңшылық түрлеріне байлығы табиғатқа сүйіспеншілікпен қараушылар мен Алматы, шет елдер аңшыларын қызықтырады.

Адамдар аз тұратын осы таулы аудан әкімшілік тұрғыдан Алматы облысы, Алакөл ауданына жатады. Алакөл көлі жағалауы бүкіл Қазақстан тұрғындарына әйгілі туристік бағыт. Қазақстан Өкіметі Алакөлді Республикалық «10 негізгі туристік бағыттарына» кіргізуі , алдағы уақытта осы өңірде, инвестицияның және туристердің өсуіне алып келеді. Іс жүзінде қазіргі уақытта 2 аэропорт реконструкцияланып, поездар жүргізіліп, жүрдек автомагистраль құрылысы аяқталып қалды.

Таулар етегінде Көкжар, Шымбұлақ, Тоқжайлау, Үш бұлақ, Лепсі ауылдары орналасқан. Осы ауыл тұрғындары мал бағу, қосалқы шаруашылық және аңшылықпен айналысады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, аңшылық шаруашылықтары құрылғаннан кейін жабайы жануарлар ресурсын қорғау, рационалды пайдалану едәуір жақсарғанымен , ет және басқа дериваттар үшін заңсыз аң ату әлі де толық тоқталған жоқ. Бірінші кезекте бұл жергілікті тұрғындардың табыстарының төмендігі мен қосымша табыс табу көздерінің альтернативінің жоқтығынан.

Сондықтан осы жобаның басты мақсаты – жергілікті тұрғындарға тұрақты табиғат пайдалану стимулын құру. Бұл жоба арқылы біз аймақта атты туризмді дамытуды ұйымдастыру арқылы осы аудан тұрғындарын жабайы жануарлар әлеміне шығын келтірмей пайдалануды үйрету.

Жобаның басты міндеттері:

  1. Туристік бағыттар құру арқылы атты туризмді дамыту және жергілікті тұрғындарды тұрақты туризм элементтеріне үйрету.

Бірінші жылы мамандар командасы мемлекеттік және ғылыми мекемелердің қолдауымен туристік өнімдерді дайындау үшін жобалық учаске аумағымен танысады, зерделейді. Атты турлар ұзақтығы және күрделілігі бойынша әр түрлі болады. Туристік бағыттар Жетісу Алатауының табиғаты өте көркем, репрезентативті жерлерімен өтеді. Жергілікті тұрғындар қатарынан гид топтары құрылып, олар экологиялық туризм , қонақжайлылық, сервис негіздері бойынша білім алады.

  1. Осымен қатар, туристік бағыттар құру кезінде жобалық аумақта сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерді қоса алғанда биоалуантүрлілікке зерттеу мен мониторинг жүргізу іске асырылады.

Ғалымдар тобы гид-жол сілтеушілерге жабайы аңдарға санақ жүргізу мен бақылау методикаларын, фото тұзақтарды орнату тәсілдерін, бақылау мақсатында берілген фото техникаларды дұрыс қолдану әдістерін көрсетіп үйретеді. Эколог мамандар жобаның орындалуы кезінде алынған ғылыми деректерді зерделеу арқылы Қазақстан бойынша алғашқы рет жануарлар ресурсын зерттеудің осындай жаңа тәсілін іске асырады.

  1. Жоба аясында броканерлікке қарсы күресті күшейту бойынша шаралар қарастырылған.

Табиғат ассоциациясы барлық табиғат қорғау ұйымдарымен бірлескен жоспар арқылы броконерлікке қарсы іс-шараларды орындайды. Бақылау мен мониторинг жүргізуге жаңа техникалық құралдар қолданылады, табиғат қорғауды іске асыруға құқығы бар структураларға методикалық ұсынымдар дайындалады. Табиғат қорғау заңдарын бұзушылардың үстінен Қоғамдық бақылауды күшейтуді мотивациялау үшін арнайы қор ұйымдастырылады. Бұндай әдіс Алматы облысының Жамбыл ауданында өте жақсы жетістік берді.

  1. Қазақстанда табиғат ресурстарын пайдаланудағы жаңа әдістерді насихаттау және популяризациялау.

Жобаның орындалуы барысында, біз ,грант этаптарының іске асырылуы жөнінде қоғамды хабардар етіп отырамыз. Әлеуметтік желіде аккаунттар құрылып, солар арқылы жергілікті тұрғындар өздері ұсынатын қызметтерін, атпен жүретін турлардың кестесін, ұсынылатын қонақ үйлердің бағасын тағы басқа да керекті ақпараттарды бере алады. Әр жылдың соңында, атқарылған жұмыстар , жетістіктер мен жіберілген кемшіліктер туралы арнайы фильм түсіріледі. Жобаның екінші жылында жергілікті туристік потенциялды қолдану мақсатында, туристік компанияларға , Қоғамдық кеңес мүшелеріне, Альпин Клаб қатысушыларына, атты туризмнің халықаралық федерация өкілдеріне презентация өткізіледі.

Осы міндеттер іске асырылғанда, жергілікті тұрғындар, броконерлік пен басқа да табиғат қорғау заңдарын бұзушылықтан толық бас тартып, осы аумақта туризмнің тұрақты формасын дамытуға ат салысатынына сенеміз. Халықаралық экологиялық қорлар CEPF ( халықаралық партнерский фонд сохранения ключевых территории биоразнообразия) және WWF (Всемирный фонд Дикой природы) қолдаған, «Табиғат» ассоциациясының осы жобасы, дүниежүзінде аңшылық шаруашылығы жабайы жануарлар ресурстарын сақтау мен пайдаланудың тұрақты моделі екенін растайды!

Біздің пабликтерге жазылыңыздар, онда біз жобаның этаптары туралы айтамыз.

Джумалиев Кажым 12 мамыр 2022жыл.