«Табигат» аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің Республикалық Қауымдастығы
Қауымдастықтың мақсаттары
- • Жануарлар ресурстарын сақтау мен пайдаланудың тұрақты моделі ретінде Қазақстан Республикасының аң аулау мен аңшылық шаруашылығын дамыту.
- • Қазақстан Республикасының аңшылары мен аңшылық шаруашылығының құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Қауымдастықтың міндеттері
- Ресми мәртебе алу және мүшелерінің құқықтарын қорғау мүмкіндігіне ие болу үшін Геология және табиғи ресурстар министрлігінде Республикалық табиғат қауымдастығының аккредиттеуінен өту.
- Елдегі аң аулауға, аңшыларға, аңшылық шаруашылығына және жабайы аң-құс өсіруге байланысты заңнаманы жетілдіру бойынша мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жасау.
- Қазіргі қоғамда аңшылық мәдениетін және адал аң аулаудың жоғары этикалық стандарттарын арттыру.
- Жануарлар дүниесін қорғау саласында қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды және биотехникалық іс-шараларды қолдану арқылы аң шаруашылығының дамуын қарқындату.
- Аңшылар мен қорықшылық қызмет қызметкерлерін аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргізу негіздері мен дағдыларына үйрету.
- Әуесқойлық аң аулау мен олжа алу ісін танымал ету.
Миссиясы
Аңшылық шаруашылығын басқару құралдарын пайдалана отырып, сыртқы және ішкі аңшылық туризмімен тартылатын қаражат есебінен қаржыландыру арқылы елдің жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін дамыту.
Қауымдастықтың құрылтайшылары мен мүшелері
Бүкіл Қазақстаннан аңшылардың мүдделерін білдіретін аңшылар қоғамдары, аңшылық шаруашылығы бірлестіктері және оғамдық ұйымдар.
Қазақстандық “Табигат” аңшылар мен балықшылар қоғамы. Алматы облысында Орман аңшылар қоғамы негізінде аңшы-зоологтардан құрылды.
Алматы облысында Орман аңшылар қоғамы негізінде аңшы-зоологтардан құрылды.
Қызметі:
- Өнімділігі жоғары аңшылық шаруашылықтары құрылды
- Облыста ең тиімді қорықшылық қызметі енгізілді
- Қазақстанда алғашқы аңшылық номинациялар белгіленді
- Олжа аулауды дамытып, танымал етуде
- Аң өсірумен айналысады
- НҚА оңтайландыру бойынша мемлекеттік органдармен үнемі жұмыс жүргізуде
- Мүшелер арасында лицензияларды бөлудің әділ тәсілдерін енгізді
- Адал аң аулау принциптерін ынталандырады
- Аңшылық тақырыптарында семинарлар өткізеді
- Аңшылық және ату жарыстары мен фестивальдерін ұйымдастырады
- Таза қанды аңшы иттерді өсіруді дамытумен айналысады
Басқарма Төрағасы: Кикимов Нұрлан
ОХОТНИКИ.KZ
Қазақстанның аңшылар мен балық аулаушыларының ірі ақпараттық порталы мен интернет-қоғамдастығы, сондай-ақ қоғамдық ұйым. Жобаны 2012 жылы пікірлестер тобы құрды.
- Қазақстан аңшылар мен балықшылар бірлестігі
- Табиғатқа ұқыпты қарау және заңнама нормаларын сақтай отырып, дұрыс аң аулау мен балық аулауды танымал ету
- Браконьерлікпен күрес
- Бірыңғай ақпараттық тақырыптық алаңды дамыту.
“Туризм, Охота Рыбалка” (Т.О.Р.) қоғамдық бірлестігі
2019 жылдың 19-сәуірінде Алматы қаласында пікірлестер тобымен құрылған.
БІРЛЕСТІКТІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:
- Аңшылық және әуесқойлық балық аулау мәдениетін қалыптастыру, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және этикалық нормаларды насихаттау
- Қоғамда аңшы мен балықшының имиджін арттыру
- Туризм, аң аулау және балық аулау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, шет мемлекеттердің табысты тәжірибесін зерттеу және енгізу
- Отандық шаруашылықтардың деңгейін және олар көрсететін қызметтер сапасын арттыру
- Басқа елдердің қызығушылығы бойынша әріптестермен байланыс орнату
- Туристер, аңшылар мен балықшылар арасында табиғатқа ұқыпты және ұтымды қатынасты насихаттау.
НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:
- “Т.О.Р.” мүшелеріне жан-жақты ақпараттық қолдау көрсету
- Қазақстан және шетел аңшылық шаруашылықтарының жалпы деректер базасын құру
- Туристік бағыттар географиясын кеңейту
- Қазақстандық аңшылар мен балықшылардың олжалары бойынша деректерді жүйелеу
- “Т.О. Р.”мүшелері арасында аңшылық және ату шеберлігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу.
“Туризм, Охота и Рыбалка” ҚБ атқарушы директоры Нұржан Аманжолов
Қауымдастық Басқармасы
Қауымдастық Президенті: Жұмалиев Қажым
- Аңшы
- 2 жоғарғы білімі бар, ҚазМУ-дың биология факультетінің зоология кафедрасын үздік бітірген; екіншісі- экономикалық білім.
- Блогер. Қазақстанда аңшылық шаруашылығын дамыту және қаржыландыру үшін бірнеше компания құрды.
- 2008 жылдан бастап SCI (Safari Club International) мүшесі.
- 2016 жылы ресейлік тау аңшылары клубының “Тау аңшыларының шебері” атанды.
- Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы жөніндегі комиссия.
Қауымдастықтың Вице-президенті: Туғанбеков Айтуар
- Аңшы
- 2008 жылы Қарағанды мемлекеттік Е.А.Бөкетов атындағы университеттін “биология” мамандығы бойынша бітірген, 2011 жылы – Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін “Құқықтану”мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Қарағанды мемлекеттік Е.А.Бөкетов атындағы университетінде “биология” мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
- Еңбек жолын 2008 жылы Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының бас маман-мемлекеттік инспекторы болып бастады (2008-2012 ж.)
- 2012-2013 жылдары – Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маман-мемлекеттік инспекторы.
- 2015-2020 жылдар аралығында – орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы.
- Мемлекеттік қызметте жұмыс істеген уақытында аңшылық шаруашылығын дамыту және жануарлар дүниесін сақтау бөлімінде нормативтік-құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысты.
Басқарма мүшесі: Кикимов Нұрлан
- Аңшы
- Биолог-аңшылық маманы бойынша 2 жоғарғы білімі бар.
- Табиғатты қорғау жүйесіндегі жұмыс өтілі 35 жылды құрайды.
- 2010 жылдан бастап “Табигат” компаниясын басқарады, оның негізгі бағыты: аңшылық шаруашылығын ұйымдастыру және дамыту, әуесқойлық және олжалық аң аулауды жүргізу, аң өсіру және экотуризм.
- “Табигат”қазақстандық аңшылар мен балықшылар қоғамының басқарма төрағасы.
Басқарма мүшесі: Владимир Корытько
- Аңшы
- “Охотники KZ” аңшылар және балықшылар қауымдастығының негізін қалаушы.
- Екі жоғарғы білімі бар
- “Охотник KZ” аңшылық дүкенінің директоры
- • Блогер, көптеген аңшылық және балық аулау іс-шараларының ұйымдастырушысы. Қазақстандағы аңшы жастардың өкілі. Қазақстандағы аңшы жастардың өкілі.
Басқарма мүшесі: Пуртов Владислав
- Аңшы
- Жоғары экономикалық білімі бар, менеджмент мамандығы бойынша магистрант.
- Тәжірибелі АВТО саяхатшы, “OutfitterKZ” командасының мүшесі
- Гид – жолсерік, тау туризмінің гид-экскурсоводы, шығу туризмі саласында жұмыс тәжірибесі бар
- “Туризм Охота Рыбалка” Қоғамдық Ұйымының Басқарма Мүшесі
Басқарма мүшесі: Дубровин Владислав
- Аңшы
- КАЗГЮУ-дың халықаралық құқық факультетін бітірген
- КАЗГЮУ-дың халықаралық құқық факультетін бітірген
- Қауымдастық Заңгері
- Алматы облысындағы екі аңшылық шаруашылығының бірлескен иесі
Басқарма мүшесі: Мусин Талғат
- Аңшы
- С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. (География)
- 20 жылдан астам орманшы, қорықшы, аңшылықтанушы болып жұмыс істеді
- Сарқанд қаласындағы “Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары лауазымында 9 жыл енбек етуде
- “Safari kz” ЖШС Бас директоры, Алматы қ.
Басқарма Мүшесі: Намазов Мағжан
- Аңшы
- Қазақ ұлттық аграрлық университетін “Аңшылықтану және аң шаруашылығы” мамандығы бойынша бітірді
- Аңшы болып жұмыс істеді, шетелдік аңшыларға арналған олжалы аң аулау турларын басқарды
- Қазақ ақбас тұқымы бойынша “Табигат” асыл тұқымды шаруашылықты басқарушы